Жаңалықтар

Әкелер тренингте бас қосты

Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық академиясында «Қазақстан әкелері» республикалық қауымдастығының ұйымдастыруымен «Қазіргі заманда саналы

балаларды тәрбиелеу жолдары» тақырыбында тренинг өтті.

Шараға облыстағы қауымдастықтың мүшелері мен ата-аналар, мектеп мұғалімдері  қатысты.

Тренингте «Қазақстан әкелері» республикалық қауымдастығының Алматыдағы құрылтайшысы Рустам Ахметов әкелердің мәртебесі және жауапкершілігін жоғарылату, отбасылық құндылықтарды дамыту және нығайту, саналы ұрпақ тәрбиелеудің жолдары туралы өз тәжірибесімен бөлісіп, шеберлік сағатын өткізді.

«Қазақстан әкелері» қоғамдастығының облыстағы құрылтайшысы Еркін Тобылбаевтың айтуынша, бүгінде өңірде 5 мыңға жуық әке аталған қауымдастыққа мүше болып отыр.

  • Еліміздің барлық өңіріндегі құрылтайшылар бірнеше жылдан бері отбасында, қоғамда

әкелердің рөлін арттыру, насихаттау мақсатында түрлі жобаларды жүзеге асырып келеміз.

Былтыр біз облыс әкімдігі және облыстық білім басқармасымен жұмыс жоспарына сай меморандумға қол қойдық. Осы меморандум аясында мектептерде әкелер клубын ашуды жоспарлап отырмыз.

Ал бүгінгі іс-шара негізінен екі кезеңнен тұрады. Оның біріншісінде биыл жыл басында облыс мектептерінде ұйымдастырылған «Өнерлі әке» атты байқауға қатысқан өнерлі әкелер мен балалардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырдық. Ал шараның екінші бөлімінде қауымдастықтың Алматыдағы құрылтайшысы, белгілі бизнес-тренер Рустам Ахметов тренинг өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті, — дейді Е.Тобылбаев.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button